Опрос 1

Как Вы оцениваете информативность сайта?

 

Новость

11.06.2019

Әдеп жөніндегі уәкілмен жеке қабылдаулар өткізілді

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп қодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгені белгілі.


Осы Ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл: әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында қызметшілер мен азаматтардын қабылдауларын өткізеді.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Әдеп жөніндегі уәкілі Қанат Сейдазымұлы Алпысбаев мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Әдеп кодексі және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары талаптарын сақтау мәселелері бойынша Жаңақала, Жәнібек және Бөкейордасы аудандарында 2019 жылдың 4-7 маусымында бірқатар қызметшілер мен азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауда халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған түсіндірулер жургізілді. Сонымен қатар Қ.С.Алпысбаев азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тындады.


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области