Басшылық


Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов
– Төраға

Тұған жылы 1967, жоғары білім, 1999 жылы заңгер-құқықтанышу мамандығы бойынша Алматы қаласындағы «Қайнар» университетің, 2002 жылы «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Будапешт қаласындағы Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын, 2004 жылы мемлекеттік қызмет менеджері мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының бітірген.

1986-1988 жылдары, ГДР СӘГТ-да мерзімдік әскери қызмет.

Еңбек қызметің 1988 жылы халық шаруашылығында агроном, жетекші агроном болып бастады, 1992 жылдан бастап жастар ісі жөніндегі комитетінің Төрағасы. 1994 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы кеден органдардың жүйесінде, жай қызметкерден басшылық лауазымдарға дейін әр түрлі қызметтер атқарды, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Қажы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің кадр басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Павлодар облысы және Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы. «Самұрық­Қазына» ұлттық әл­ауқат қоры» басқару тобының­ мүшесі – акционерлік қоғамының атқарушы директоры. 27 жылдан астам мемлекеттік өтілі бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2013 жылғы 27 маусымындағы №42-23.298 келісімімен және Батыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2013 жылғы 10 шілдедегі №11-1 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Келесі мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар: ҚР Президентінің Жарлығы «Астананың 10 жылдығы» медалі, ҚР Президентінің Жарлығы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, Дүниежүзілік кедендік ұйымдардың бас хатшысы «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін» халықаралық мадақтау сертификаты, Кедендік Одақтың шешімі «Кедендік Одақтың құрылуына қосқан үлесі үшін» медалі. III, II дәрежелі «Үздік қызметі үшін» ведомствалық медалі, «Кедендік қызметтің озаты» төс белгісі және тағы басқа ведомствалық, қоғамдық марапаттары.

«Таможня в истории страны» 2007 жыл, «Правописание таможенных профессиональных терминов на Государственном языке» 2009 жыл, «Таможенная семья» 2011 жыл атты кітаптарының және әдістемелік құралдарының авторы.

Кедендік қызметтің полковнигі. ҚСРО-ң еркін күрес бойынша спорт шебері. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгереді.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Жұбайы Марина, мамандығы филолог. Ұлы Мақсат, АҚШ-ң «Вест-Пойнт» Жоғары Әскери Академиясының студенті, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері.  Қызы Ақниет, физика-математика бағыты бойынша Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Астана қаласындағы "Назарбаев Университетінің" студенті.

Хоббиі – шайбалы хоккей.

Қанат Сейдазымұлы Алпысбаев – комиссия мүшесі

Туған жылы 1974, білімі жоғары. 1995 жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтың инженер-экономист мамандығы бойынша, 2007 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетің, құқықтану бакалавр мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметің 1995 жылы Амангелді ауданы аппаратының экономика комитетінде маман ретінде бастады. 1997-2013 жылдары қаржылық бақылау органдар жүйесінде жұмыс істеді: қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бақылаушы-тексеруші,  аға бақылаушы-тексеруші қызметінде, Қостанай облысының қазынашылық басқаманың бас қазынашы, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің қаржы бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.

2011 жылдың қазан айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы болды.

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 қазандағы №13-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Әлеуметтік саласын, тілдерді дамыту, дін және жер пайдалану мәселелерін жетекшілік етеді.

Үйленген, үш баланы тәрбиелейді.

Мереке Кәкенұлы Көбейсінов – комиссия мүшесі

Туған жылы 1966, экономикалық жоғары білімі. 1991 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтін бітірді.

Еңбек қызметің 1991 жылы 15-ЖМК-да экономист ретінде бастады. Қаржылық бақылау органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс атқарып жатыр, 2000 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың қараша айына дейін, БҚО бойынша қаржылық бақылау басқармасында аға бақылаушы-тексеруші, бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары болып істеді, одан кейін қаржылық бақылау инспекциясында - басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 03 қазандағы №35-4 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №11-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экономика салаларын жетекшілік етеді.

Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелейді.

Мейрамхан Иманбазарұлы Қыдырбаев – комиссия мүшесі

Туған жылы 1961, математик, экономист-қаржыгер және заңгер-құқықтанушы, үш жоғары білімі бар.

Еңбек қызметің 1983 жылы орта мектебінің математика пәні бойынша мұғалім болып бастады.  Шығыс Қазақстан облысының салық органдарында басшылық, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және экономика комитетінің аппаратында, жекеше компанияларда және басқада аймақтық мемлекеттік органдарда қызмет атқарды.

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 қазандағы №13-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Кәсіпкерлік, құрылыс, табиғат пайдалану салаларын және ішкі істер органдарын жетекшілік етеді.

Үйленген, екі қызын тәрбиелейді.

Батыржан Жәлитұлы Хамидуллин – комиссия мүшесі

Туған жылы 1963, экономикалық жоғары білімі. 1988 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтін бітірді.

Институт бітіргеннен кейін Казталов ауданы В.И. Ленин атындағы колхозында бухгалтер, облыстық баланыс өндірістік-техникалық басқармасында бақылаушы-инспектор болып жұмыс істеді. Салық органдарда аға салық инспекторынан Орал қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы және БҚО бойныша салық комитеті басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.

«БатысТранГаз» АҚ, «ЖайықЖылуҚұат» АҚ, «Уральскстройинвест» ЖШС және «Аркагаз» АҚ басшы қызметтерінде істеді.

2008-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012 жылдың сәуір айынан бастап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 04 сәуірдегі №2-5 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынғаннан кейін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №11-2 шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Бюджет кіріс бөлігі, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық, ішкі және жастар саясаты салаларын жетекшілік етеді.

Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелейді.

2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области