Тексеру комиссиясының этика Кодексі

Батыс Қазақстан облысы бойынша
Тексеру комиссиясы төрағасының
2014 жылғы 28 қаңтардағы № 4-н бұйрығымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы Қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіне (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелеріне), , Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына,1998 жылы ИНТОСАИ-дың (жоғары қаржы бақылау органдарының халақаралық ұйымы) XVI Конгресінде қабылданған ИНТОСАИ-дың этика кодексіне және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 6 ақпандағы №6-2 шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ ережесіне сәйкес әзірленді.

     2. Қағидалар атқаратын лауазымына қарамастан, Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.

      3. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының басшылығы:
      1) өз міндеттерін тиісінше орындағаны, жұмысты нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып ұйымдастырғаны және жоспарлағаны;
      2) бағынысты қызметкерлерден олардың лауазымдық міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпегені; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемегені;
      3) өздері басқарып отырған бөлімше мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық міндеттерін және тапсырмаларын сапалы орындауына жауапты болғаны;
      4) адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болғаны;
      5) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырғаны;
      6) әділ болғаны, өзінің кәсіби қызметіне ешкімнің, соның ішінде туыстарының, достарының немесе таныстарының ықпал етуіне жол бермегені;
      7) өзіне жүктелген міндеттерді объективті орындауға күмән туғызатын кез-келген іс-әрекет жасаудан және шешім қабылдаудан бойын аулақ ұстағаны;
      8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау процесінде басқа да тұлғаларға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік пен құрмет көрсеткені, бағынысты қызметкерлерден осыны талап еткені;
      9) бағынысты қызметкерлерден сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына жеке бақылауды қамтамасыз еткені, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөнінде уақытылы және толыққанды шараларды қабылдағаны;
      10) осы Қағидалар талаптарының бұзылу фактілеріне түбегейлі деп қойғаны, кінәлі адамдардың жауаптылығымен қатар, өзінің жеке жауаптылығы мәселесін қоюға дайын болғаны жөн.

      4. Есеп комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстанғаны, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермегені жөн.

     5.Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі топ жетекшісі:
     1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың барлық рәсімдері кезінде бақылау тобының барлық мүшелерінің этикалық талаптард сақтауын бақалағаны;
      2) топ мүшелерін бақылау объектісі қызметкерлерінің бейәдеп қылықтарынан қорғағаны және бұл жөнінде бақылау объектісінің басшысын хабардар еткені;
      3) Тексеру комиссиясының басшылығына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттарын сақтауға қауіп-қатер төндіретін жағдайлар туралы хабарлағаны, оларды жою не барынша азайту бойынша тиісті шараларды қамтамасыз еткені;
      4) Тексеру комиссиясының басшылығына бақылау тобы мүшелерінің этикалық талаптарды сақтамау жағдайлары жөнінде кінәлі тұлғалардың жауаптылығы туралы нақты ұсыныстар енгізе отырып хабарлағаны;
      5) бақылау объектісінің пікірінен, қоғамдық пікірдің ықпалынан тәуілсіз болғаны, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбағаны, сынағаны үшін қудалаушылыққа жол бермегені, оынды сын-пікірді кемшіліктерді жою және өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны жөн.

     6. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері өз міндеттерін орындау барысында:
     1) өз жұмысын біліктілікпен орындағаны, өзінің тұжырымдарын, қорытындыларын, ұсынымдары мен өзге де құжаттарын жеке біржақтылыққа, жалған нанымға не басқалардың тарапынан жасалған қысымға емес, тексерілген және жеткілікті көлемдегі объективті ақпаратқа негіздегені;
      2) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырудың тәртібін регламенттейтін актілерді мүлтіксіз сақтағаны;
      3) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзінің біліктілігін жоғарыдеңгейде ұстағаны, өзінің кәсіби білімін ұдайы жаңартып, практикалық дағдыларын жетілдіріп отырғаны;
      4) адал болғаны, өзінің кәсіби қызметіне ешкімнің ықпал етуіне жол бермегені, өзінің адалдығына күмән келтіретін, лауазымдық міндеттерін орындауға әсерін тигізетін жеке, қаржылық және іскери байланыстардан бойын аулақ ұстағаны;
      5) өз жұмысында адалдық пен әдептілік көрсеткені, кеңпейіл және ақжарқын болғаны, кәсіби қызметін жүзегет асыру кезінде адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасағаны, азаматтық және қызметтік борышына әрдәйым адал болғаны;
      6)өзінің бүкіл қызметімен Тексеру комиссиясының беделін одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпалын тигізгені;
      7) ұжымда моральдық-психологиялық ахуалға: Тексеру комиссиясы басшылығының өз құзыреті шегінде берген тапсырмаларын теріс талқылаудың;
      сыбыс пен өсек-аяң таратудың, әріптестеріне біржақты қарым-қатынастың зиян әкелетінін білгені;
      8) тапсырылған жұмысты адал орындағаны,құжаттармен мұқият және байыпты жұмыс істегені, әрдайым Тексеру комиссиясының мүдделерін басшылыққа алғаны;
      9) басшылардың тапсырмаларын орындау процесінде тек объективті де анық мәліметтерді бергені;
      10) пТексеру комиссиясының еңбек қатынастарын тоқтатқан кезде, қолындағы бар құжаттаманы, ақпаратты өзінде олардың көшірмелерін қалдырмай, толық көлемде Тексеру комиссиясының басшылығына өткізгені;
      11) бір-біріне кеңпейіл болғаны, қарым-қатынаста қарапайымдылық пен байсалдылық көрсеткені, әріптестеріне залал келтіретін негізсіз сыннан және өзге де қасақана іс-әрекеттерден бойларын аулақ ұстағаны;
      12) бақылау объектісінде әріптесін ауыстырған кезде оған қатысты таза ниетті болмаған іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстағаны, бақылау объектісімен не өзге де тұлғалармен әріптесінің ауыстырылу фактісін, оның жеке басының және іскерлік сапасын талқыламағаны;
      13) иесі бүркемеленген немесе мемлекеттік қызметшілердің беделін түсіру мақсатын көздейтін өтініштерді (арыздарды) қарауға жол бермегені;
      14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстағаны жөн.

      7.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби қызметтен тыс жеке қарым-қатынастары қызметте жоғарылауға, көтермелеуге не жазалауға, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді шешуге негіз болмауы тиіс.

      8.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге тартылған мамандармен қарым-қатынастары іскери және биязы болу керек.

      9.Сондай-ақ кәсіпқойлық лауазымдық өкілеттіктерді орындау барысында алынған ақпаратқа қатысты кәсіби құпияларды сақтау жөніндегі міндеттерді тиісті дәрежеде орындау арқылы көрініс табуы тиіс.

      10. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде:
      1) әдептілігімен, қарапайымдылығымен, бақылау объектісіне құрметімен астасқан талапшылдығы мен табандылығын көрсете отырып, Тексеру комиссиясыны мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы ретінде лайықты танытқаны;
      2)бақылау объектісін әділ, объективті және білікті тексергені;
      3) бақылау объектісінен қажетті құжаттарды ұсынуларын сыпайы және әдепті түрде талап еткені;
      4)бақылау объектісінің атына орынсыз іс-қимылдан, ауыр сөз айтудан, бақылау объектісінің қызметі туралы біржақты пікірлер мен пайымдаулар айтудан бойын аулақ ұстағаны;
      5) туындаған мәселелерді бақылау объектісімен талқылау кезінде өзінің көзқарасын тиісті нормативтік құқықтық актілердің нақты нормаларына міндетті түрде сілтеме жасай отырып, кеңпейілділікпен, насихатсыз, біржақтылық көрсетпей, дәлелді және айқын түрде қорғағаны;
      6) мерекелік дастарқаннан, орынсыз көңіл бөлу ишараларынан, жұмыс орнында ысырапшылықтан, сыйлық немесе тарту алудан, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау барысында ұсынылатын қызметтерден бойын аулақ ұстағаны;
      7) бақылау объектісі өкілдерімен сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың объективтілігіне әсерін тигізуі мүмкін өзара қарам-қатынастан аулақ болғаны не мемлекеттік қызметшіге кез келген нысанда қысым көрсетуге жол берілмейтінін білдіре отырып, өзара қарым-қатынасты дереу тоқтатқаны жөн.

      11. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің арасындағы қарым-қатынас Тексеру комиссиясының алдына қойылған міндеттерді орындаудың өзара жауыптылығына, қызметтік борышқа адалдыққа, шынайылыққа және сындарлылыққа негізделеді.

      12.Құрылымдық бөлімшелерді не сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі топтарды басқаратын Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері:
      1) ұжымда Тексеру комиссиясының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуімен, осы міндеттерді бірге шешу қабілетімен және ынтасымен, ұжымдағы жұмыстың жайлылығы деңгейімен, кеңпейіл және шынайы өзара қарым-қатынастармен,ұжымның оң дәстүрлерімен сипатталатын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз еткені;
      2) сыбыс пен өсек-аяңның таралуың, әділетсіздік көріністерін болдырмай, бағынысты қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарын этикалық нормалар негізінде реттегені;
      3) кәсіби қызметтің әдістерін әзірлегені, нормативтік құқықтық базаны дамытқаны, бағынысты қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілермен уақытылы қамтамасыз еткені, олардың кәсіби деңгейін арттыруға қамқорлық жасағаны;
      4) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір- қасиетін кемсіту, жөнсөздік, орынсыз мінез –құлық фактілеріне жол бермегені жөн.

      13. Тексеру комиссиясының қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді Тексеру комиссиясының төрағасы немесе оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
      Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізеді.

     14.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мелекеттік лауазымды адамдарының, мелекеттік басқару органдарының, басқа да мелекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдірмегені жөн.

     15. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

     16Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшісіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданады.

     17.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді.

     18.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кеседі.

     19.Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпаратты білетін болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады, соның ішінде жоғары тұрған басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлайды. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері өзін басқа тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған тұлғалар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
     Төраға не ол уәкілетті берген лауазымды адам ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметшісінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, соның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолданады.
     Төраға не ол уәкілетті берген лауазымды адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшісін оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области