Новость

15.11.2018

Кәсіби мереке күні


      Кәсіби мереке - Ұлттық валюта – теңгеміздің 25 жылдығымен   және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесіне арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы  ұжымының  салтанатты  жиналысы өтті.        Жиналысқа Батыс Қазақстан облыстық  мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының төрайымы Айгүл Оразқызы Есекенова  қатысты.       Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылдың 15 қарашасында республикамыздың Ұлттық валютасы -теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойып, 15 қарашадан қазақ елінің төл теңгесі отандық экономиканың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді.       Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне байланысты және лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарған үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының бір қатар мемлекеттік қызметкерлері   марапатталды:       «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының үздік қызметкері»  төсбелгісімен:        -Аблай Шохтиевич Бисенов - бас инспектор - бас мемлекеттік аудитор;       -Орал Рахметуллиевич  Давлетов - бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті;        Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының Құрмет грамотасымен:       - Елтай Жадигерович Гумаров -  бас инспектор- бас мемлекеттік аудитор.       Сонымен қатар, Батыс Қазақстан  облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталған  бас инспектор-бас бухгалтер Муратова Курмет Куракпаевна  және персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Аронова Кунзира Ароновна; Батыс Қазақстан облыстық  мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызымет көрсету қызыметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет Грамотасымен –мемлекеттік аудит бөлімінің меңгерушісі Жапақов Қайрат Ғилымұлы және Абдрашитов Дархан Ережепович

 


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области