Новость

25.06.2018

Қаржылық бұзылулардың алдын алу - бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың кепілі.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жыл сайын қаржылық-бюджеттік саласында айтарлықтай құқық бұзушылықтардыанықтайды. Бұл жұмыстың тек бір аспектісі,қызметтің басым бағыты болып қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ақпарат беріпбұзушылықтардың алдын алуы табылады.


Аталған бағытты жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазахстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлерінің қатысуымен кеңес өткізліп, аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша жие кездесетін бұзушылықтар талқыланды.

Аудит объектілерімен бюджетті жоспарлау барысында негізділік принципі сақталмайтыны, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына, еңбекақы және іссапар шығыстарының артық төленуіне, бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде және мемлекеттік мүліктібасқару бойынша бұзушылықтарға жол берілетіні атап айтылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдердін толықтығы мен уақтылығы қамтамасыз етілмейді.Аталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жүйелі қайталануы кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігін және мемлекеттік органдар мен кәсіпорын басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауын көрсетеді.

Кеңесте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің күнделікті жұмыс барысында туындайтын мәселелер талқыланып мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы – Ә.Ч. Қадырбеков мемлекеттік аудитке көшу шеңберінде қызмет бұзушылықтарды аңықтаудан бюджеттік тәртіптің төмендеу себептерін талдауғаназар аударылатынын айтып өтті. Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты басқаруды жетілдіру және тиімділігін арттыру болып табылады. Осыған орай, аудиторлық шаралардың нәтижелерімен аңықталған бұзушылықтар бойынша кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарлануда,  бұл бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтықтығын, есептілігін және тиімділігін қамтамасыз етуге, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шаралары бойынша аңықталған бюджетті орындаудың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді.


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области