Новость

04.12.2018

Отырыс өткізу туралы хабарлама


Ағымдағы жылғы 5 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста «Ақжайық ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де, «Шыңғырлау ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  ММ-де  жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралатын болады.

Тексеру комиссиясының отырысына аудит объектілерінің басшылары шақырылды.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік және басқада заңнамаларының бұзылғандығы анықталды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы сайтының «Комиссияның қызметі – Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінде танысуға болады.


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области