Новость

11.10.2018

Отырыс өткізу туралы хабарлама


Ағымдағы жылғы 16 қазан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді. Отырыста «Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз етілуіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралатын болады.

Тексеру комиссиясының отырысына аудит объектісінің басшысы шақырылды.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Жер кодекстері талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Толық ақпаратпен Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы сайтының «Комиссияның қызметі – Аудиторлық іс-әрекет» бөлімінде танысуға болады.


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области