Новость

01.06.2018

2018 жылдың 31 мамырында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XVII-ші сессиясы өтті.

2018 жылдың 31 мамырында Батыс Қазақстан облысының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы мен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Бергенев Әділғазы Садуақасұлының қатысуымен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XVII-ші сессиясы өтті.


Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нугманов Амангельды Шайхуллович «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес мазмұны бойынша  жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды баяндама болып табылатын 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті мәслихаттың қарауына ұсынды.

Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелері Кубейсинов Мереке Какенович пен Хамидуллин Батыржан Жалитовичтың қызметтік өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссияның төрағасы Нугманов Амангельды Шайхулловичтың ұсынымы бойынша Батыс Қазақстан облысының мәслихатымен қызметтік өкілеттері ұзартылды.

Есеп комитетінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Нугманов Амангельды Шайхуллович басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Бергенев Әділғазы Сәдуақасұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Алибек Чапаевич Қадырбековты Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына ұсындыжәне  бірауыздан келісілді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Малик Иманқұлұлы Құлшар депутаттық корпустан Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы ретіндегі қызметінің нәтижелері бойынша Нугманов Амангелді Шайхулловичқа алғысын білдіріп, грамотамен марапаттады.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов жергілікті атқарушы органдар атынан Нугманов Амангелді Шайхулловтың тексеру комиссияның басшылығындағы жетістіктерін атап өтті және алғыс хатымен марапаттады.

Нугманов Амангелді Шайхуллович барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, өзі басқарған ұжым мен өзінің жетістіктері барлық қатысушылардың бірлескен және жемісті ынтымақтастығының нәтижесі екенін атап өтті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына жаңадан тағайындалған Қадырбеков Әлібек Чапаұлы депутаттар мен атқарушы органдардың басшылар алдында сөйлеген сөзінде, жиналғандардың бәрін өзара ынтымақтастық дәстүрінің сақталуы мен қоғамның игілігі үшін одан әрі жұмыс нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға деген ұмтылысын білдірді.


2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области