Қазақстан Республикасының Конституциясы

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,

байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,

өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық

мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,

дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып

қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы

жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,

өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып

осы Конституцияны қабылдаймыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

2017 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области