Бос қызмет орындары

Ақпарат

 Батыс Қазақстан облысы бойынша  тексеру комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін құрылған конкурс  комиссиясының  2016 жылдың 23 қарашадағы  отырысының  №1 хаттамасы.

ШЕШІМ:

Сапаны бақылау қызметінің бас инспекторы Д-3 санаты бойынша  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-ң мемлекеттік қызметшілер арасында жарияланған ішкі конкурс, қатысушылардың  болмағанына байланысты, өтпеген деп танылсын.

 

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,201. Аңықтама үшін телефон 8(7112)  51-54-84  Е-mail: info@esepzko.gov.kz

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға  барлық мемлекеттік мекемелердің  мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

Сапаны бақылау қызметінің бас инспекторы, D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты, 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау құжаттарының бекітілген Стандарттарға сәйкестігіне сапа бақылау жұмысын қадағалау және жүргізу. Аудиторлық іс-шаралар бойынша тиісті бағалау және қорытынды  жасау. Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

         Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:  Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит); құқық (құқықтану, заңтану) мамандықтары бойынша.

Құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,   стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
       1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
     4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
         Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын», нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.        

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі  істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы  №12 бұйрығымен бекітілген   «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар), негізінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-не келесі құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырады.

1)    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.  

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап  3 жұмыс күні ішінде, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201 мекенжайында 2 қабатта орналасқан «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады. 

Ақпарат

 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-ң конкурстық комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы  отырысының шешіміне сәйкес (05.12.2016 ж. № 1 хаттама) сапаны бақылау қызметінің бас инспекторы бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа келесі  қатысушылар әнгімелесуге жіберіледі:

1.Бекмурзин Қордай Азатович

 Әнгімелесу Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де  2016 жылғы  8 желтоқсаны  сағат 17-00  өтеді (2 қабат, №2 кабинет).

 

 

 «Батыс Қазақстан облысы бойынша  Тексеру комиссиясы» ММ-ң  «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін құрылған конкурс  комиссиясының  2016 жылғы  7 желтоқсандағы қорытынды отырысының  № 3 хаттамасынан  ұзінді

Конкурстық комиссия ұсынылған  құжаттар негізінде, кандидаттармен өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен бірауыздан  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша  Тексеру комиссиясы» ММ-ң төрағасына  бос №2 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау  бөлімінің  бас маман –мемлекеттік аудитор лауазымына тағайындауға Д.Р.Рамазанов   ұсынылсын;

 

 

 «Батыс Қазақстан облысы бойынша  Тексеру комиссиясы» ММ-ң  «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыру үшін құрылған конкурс  комиссиясының  2016 жылғы  9 желтоқсандағы қорытынды отырысының  № 4 хаттамасынан  ұзінді

Конкурстық комиссия ұсынылған  құжаттар негізінде, кандидаттармен өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен бірауыздан  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша  тексеру комиссиясы» ММ-ң төрағасына  сапаны бақылау қызметінің  бас инспекторы  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға К.А. Бекмурзин   ұсынылсын;

 

 

 

 

2018 © Ревизионная комиссия по Западно-Казахстанской области